jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Еуро-2024: Англия мен Дания құрамалары өзара мықтыны анықтай алмады

    Хари Кейн мен Андреас Кристенсен
    Хари Кейн мен Андреас Кристенсен. Фото: Ryan Pierse - UEFA/UEFA via Getty Images

    Еуропа чемпионатының екінші турында кездескен Англия мен Дания құрамалары 1:1 есебімен тең тарқасты. Англия алға шықса да, Дания дес бермеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Еуропа біріншілігінің С тобында өнер көрсететін Англия және Дания құрамалары "Франкфурт Аренада" кездесіп, тең ойынды қанағат тұтты.

    Ойын есебін ағылшындықтар ашқан болатын. Матчтың 18-минутында Англия құрамасының капитаны Хари Кейн даниялық Каспер Шмейхельдің қақпасынан саңылау тапты.

    Хари Кейннің Дания қақпасына соққан голы
    Хари Кейннің Дания қақпасына соққан голы. Фото: Stefan Matzke - sampics/Corbis via Getty Images

    Ал даниялықтар бірінші таймның 34-минутында есепті теңестірді. Андреас Кристенсеннен доп алған Мортен Юльманн 30 метр қашықтықтан қақпаға соққы жасап, гол соғады.

    Мортен Юльманның Англия қақпасына соққан голы
    Мортен Юльманның Англия қақпасына соққан голы. Фото: Stu Forster/Getty Images

    Ойын соңына дейін осы есеп сақталып, матч 1:1 есебімен тең аяқталды.

    Ал осы С тобында өнер көрсетіп жатқан Словения мен Сербия құрамалары да 1:1 есебін тіркеп, өзара мықтыны анықтай алмады. Сөйтіп, бұл топтың турнирлік кестесінде Англия 4 ұпай жинақтап көш бастаса, Дания мен Словения құрамалары екі ұпаймен одан кейінгі орындарға жайғасты. Ал екі ойында 1 ұпай жинақтаған Сербия құрамасы турнирлік кестенің соңында тұр.

    Айта кетейік, С тобындағы Англия – Словения, Дания – Сербия құрамалары арасындағы үшінші тур ойындары 25 маусым күні өтеді. Еуропа чемпионаты 14 шілдеге дейін жалғасады.

    Еуро-2024: Англия мен Дания құрамалары өзара мықтыны анықтай алмады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram