Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еуро-2024: Франция ұлттық құрамасы екінші турда ұпай жоғалтты

Жарияланған күні:

Франция құрамасы
Франция құрамасы. Фото: ANP via Getty Images

Футболдан Еуропа чемпионатының екінші тур ойындары жалғасып жатыр. Франция құрамасы ұпай жоғалтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Еуро-2024-тің топтық кезеңі аясында өткен ойында Франция мен Нидерланды ұжымдары кездесті. Екі команда 90 минутта қарсылас қақпасына гол соға алмады.

Осы матчтың нәтижесі бойынша D тобындағы жағдай өзгерді. Енді 4 ұпаймен Нидерланды бірінші, ал Франция екінші орында тұр. Ал Аустрия болса үздік үштікті түйіндеп отыр. Соңғы орында Польша командасы.

Айта кетейік, бұл топтағы үшінші тур ойындары 25 маусым күні өтеді. D тобының соңғы ойынында Нидерланд мен Австрия, Франция мен Польша құрамалары кездеседі. Еуропа біріншілігі 14 шілдеге дейін жалғасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2122038-euro-2024-frantsiia-ulttyq-quramasy-ekinshi-turda-upai-zhogaltty/