jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Еуро-2024: Украина құрамасы Словакиядан басым түсті

    Футболдан Украина құрамасының ойыншылары
    Футболдан Украина құрамасының ойыншылары. Фото: Michael Regan - UEFA/UEFA via Getty Images

    Футболдан Еуропа чемпионатының екінші турында Украина құрамасы Словакияны ұтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Е тобында бақ сынап жатқан екі құраманың ойыны Дюссельдорфта (Германия) өтіп, 1:2 есебімен аяқталды.

    Матчтың 17-минутында Словакия құрамасының футболшысы Иван Шранц гол салып, командасын есепте алға шығарды. Ал екінші таймда украиналық жартылай қорғаушы Николай Шапаренко (53-минутта) есепті теңестірді. Кейін оның командаласы Роман Яремчук 80-минутта мергендік танытты. Осылайша, украиналықтар жеңіске жетіп, үш ұпай еншіледі.

    Айта кетейік, Словакия құрамасы бірінші турда Бельгияны 0:1 есебімен ұтса, украиналықтар Румыния командасынан 3:0 есебімен жеңіліп қалған еді.

    Енді 26 маусымда Украина үшінші тур аясында Бельгия құрамасымен кездеседі. Ал Словакия сол күні Румынияға қарсы ойнайды.

    Германиядағы Еуропа чемпионатында 24 құрама бақ сынап жатыр. Топтық кезең 26 маусымға дейін жалғасса, плей-офф кезеңі 29 маусымда басталады.

    Еуро-2024: Украина құрамасы Словакиядан басым түсті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.