jitsu gif
Спорт

    Еуро-2024: Аустрия құрамасы Польша қақпасына үш гол салып жеңіске жетті

    Аустрия құрамасының ойыншылары
    Аустрия құрамасының ойыншылары. Фото: Alex Livesey/Getty Images

    Футболдан Еуро-24 додасы барысында D тобының екінші турында Аустрия мен Польша құрамалары кездесіп, аустриялықтар 3:1 есебімен басым түсті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Ойын есебін аустриялықтар ашты. Қорғаушы Филлипп Мвененің айып алаңынан шетінен әуелетіп көтерген добын Гернот Траунер баспен ұрып, матчтың 9-минутында гол соқты.

    Гернот Траунердің Польша қақпасына соққан голы
    Гернот Траунердің Польша қақпасына соққан голы. Фото: AXEL HEIMKEN/AFP via Getty Images

    Өз қақпасына гол жіберіп алған Польша құрамасының ойыншылары қарсылас қақпасына шабуылдарды үдете түсті. Нәтижесінде ойынның 30-минутында айып алаңының ішіндегі допқа талас кезінде шабуылшы Кшиштоф Пентек бәрінен де ерте қимылдап, қақпаға дәл соққы жасап, есепті теңестірді.

    Кшиштоф Пентектің Аустрия қақпасына соққан голы
    Кшиштоф Пентектің Аустрия қақпасына соққан голы. Фото: RONNY HARTMANN/AFP via Getty Images

    Ал үзілістен кейін 66-минутта Аустрия құрамасының жартылай қорғаушысы Кристоф Баумгартнер екінші таймда ойынға қосылған Александер Прасстың пасын пайдаға асырып, гол соқты.

    Кристоф Баумгартнердің Польша қақпасына соққан голы
    Кристоф Баумгартнердің Польша қақпасына соққан голы. Фото: oosep Martinson - UEFA/UEFA via Getty Images

    Ойынның 78-минутында Аустрия құрамасының ойыншысы Марсель Забитцерге қарсылас команданың қақпасына жақындаған кезде қақпашы Войцех Щенсы оған қарсы ойын ережесін бұзып, төреші пенальти белгілейді. Пенальтиді мүлтіксіз орындаған Марко Арнаутович есепті 3:1-ге жеткізеді.

    Ал өткен турда Аустрияны 0:1 есебімен ұтқан Франция мен Польшадан 1:2 есебімен басым түскен Нидерланд турнирлік кестеде алдыңғы орындарды бөлісіп тұр. D тобының қос мықтысы бүгін кездеседі, матч сағат 00:00-де басталады.

    Айта кетейік, бұл топтағы үшінші тур ойындары 25 маусым күні өтеді. D тобының соңғы ойынында Нидерланд мен Австрия, Франция мен Польша құрамалары кездеседі.

    Еуропа біріншілігі 14 шілдеге дейін жалғасады.

    Еуро-2024: Аустрия құрамасы Польша қақпасына үш гол салып жеңіске жетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.