jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Еуро-2024 турнирінің ең жас футболшысы жақындарына екі баспана сыйлады

    Ламин Ямаль
    Ламин Ямаль. Фото: Mateusz Slodkowski/Getty Images

    "Барселона" футбол клубы мен Испания ұлттық құрамасының шабуылшысы Ламин Ямаль атақты Adidas компаниясымен 10 жылға келісімшарт жасасты. Осы келісімшарттың арқасында футболшы екі үй сатып алып, оның біреуін әжесіне, ал екіншісін ата-анасына сыйлады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Diario Sport спорт порталына сілтеме жасап.

    Дереккөздің мәліметіне сүйенетін болсақ, Ламин Ямальдың Adidas компаниясымен жасасқан келісімшартының мөлшері 32 миллион еуроға жуықтайды. Сондай-ақ футболшының бұл келісімшарттан көрген пайдасының бір бөлігіне әжесіне, ата-анасына үй сатып алғаны жазылған.

    "Кезінде оған ағасы жол-пұлына ақша беріп, Барселонаға жетіп алуы үшін барын жасаған. Ал бүгінде ер жетіп, есейген Ламин Ямаль "Барселонаның" ең төмен жалақы алатын ойыншыларының қатарында. Алайда клуб футболшының табысын одан әрі көтерген сайын ол өзінің отбасы мен жақындарына ерекше жағдай тудырып, қамқорлық танытатыны сөзсіз", - делінген Diario Sport материалында.

    Өткен маусымында Ямаль "Барселона" сапында барлық турнирлерде 50 матчқа қатысып, 7 гол соғып, өз есебіне 10 нәтижелі пас тіркеді.

    Қазіргі уақытта Ламин Ямаль Еуро-2024 біріншілігінде Испания құрамасының белді ойыншысы ретінде жасындай жарқылдап, керемет ойын өрнегін көрсетіп жүр.

    Transfermarkt порталының мәліметтері бойынша, Ямальдың трансферлік құны 90 миллион еуроға бағаланады.

    Еуро-2024 турнирінің ең жас футболшысы жақындарына екі баспана сыйлады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.