Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері жаңа қызметке тағайындалды

Жарияланған күні:

Вахид Масудов
Вахид Масудов. Фото: instagram.com/f.c.altai

Белгілі маман Вахид Масудов өскемендік "Алтай" футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Алтайдың" Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Вахид Масудов – кеңестік және қазақстандық футболшы, жартылай қорғаушы, Қазақстан құрамасының бұрынғы жаттықтырушысы, КСРО спорт шебері. Ол бапкерлік мансабын 1996 жылы "Қайрат" ФК-да бастаған. 64 жастағы маман "Тараз", "Атырау", "Ақтөбе", "Ордабасы", "Мақтарал", 19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасын баптаған.

"Алтай" командасының жаттықтырушылар құрамына жергілікті мамандар кірді. Жаттықтырушының көмекшісі – Вячеслав Зинюков, дене шынықтыру жаттықтырушысы – Егор Скулкин, қақпашылар жаттықтырушысы – Илья Байтеряков.

Айта кетейік, "Алтай" футбол клубы бірінші лигада ойнайды. Қазір өскемендік команда турнир кестесінде 13 ұпаймен 10-орында тұр. Клубтың келесі ойыны 28 маусымда "Жетісайға" қарсы өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2124021-futboldan-qazaqstan-quramasynyng-buryngy-zhattyqtyrushysy-zhanga-qyzmetke-tagaiyndaldy/