Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"1,2 миллион еуро": Қазақстан Премьер лигасындағы ең қымбат футболшы кім

Опубликовано:

Максим Самородов
Максим Самородов. Фото: instagram.com/kff_team

Transfermarkt порталы Қазақстан Премьер лигасында ойнайтын футболшылардың трансферлік құнын жаңартты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

ҚПЛ-дағы ең қымбат футболшылардың тізімінде "Ақтөбе" командасы мен Қазақстан құрамасының ойыншысы Максим Самородов көш бастады. Оның трансферлік нарықтағы құны 1,2 миллион еуроға жетті.

"Талантты ойыншы Еуропа лигасындағы топ-15 шетелдік клубтың негізгі трансферлік мақсаты болып саналады. Оның дриблингі мен алаңдағы әріптестерін көре білуі жақсы. Осы артықшылықтары ақтөбеліктер үшін ұлттық біріншілікте, ұлттық құрама үшін халықаралық матчтарда үлкен пайда әкеледі. Самородовта мансабын дамытуға қажет қабілет бар. Бірақ бұдан да қарқынды прогресске жету үшін ол неғұрлым маңызды дәрежедегі чемпионатта бақ сынап көруі керек", - деп жазды Transfermarkt порталы.

Тізімде Самородовтан кейінгі орынға "Қайсар" командасының жартылай қорғаушысы Валерий Громыко және "Ақтөбе" ұжымының ойыншысы Габи Кики жайғасты. Олардың трансферлік нарықтағы құны – 900 мың еуро.

Transfermarkt порталының нұсқасы бойынша ҚПЛ-дағы ең қымбат футболшылар:

  • Максим Самородов ("Ақтөбе") – 1,2 миллион еуро;
  • Валерий Громыко ("Қайсар") – 900 мың еуро;
  • Габи Кики ("Ақтөбе") – 900 мың еуро;
  • Иброхимхалил Йолдошев ("Қайрат") – 800 мың еуро;
  • Макс Эбонг ("Астана") – 800 мың еуро;
  • Әлібек Қасым ("Ақтөбе") – 800 мың еуро;
  • Дорни Ромеро ("Ақтөбе") – 800 мың еуро;
  • Артём Беседин ("Ордабасы") – 800 мың еуро;
  • Ловро Цвек ("Ордабасы") – 800 мың еуро;
  • Егор Сорокин ("Елімай") – 800 мың еуро;
  • Аcхат Тағыберген ("Ордабасы") – 800 мың еуро.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2124369-1-2-million-euro-qazaqstan-premer-ligasyndagy-eng-qymbat-futbolshy-anyqtaldy/