Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еуро-2024: Соңғы минуттардағы автогол Франция құрамасын плей-оффтың келесі кезеңіне шығарды

Опубликовано:

Футболдан Франция құрамасының ойыншылары
Футболдан Франция құрамасының ойыншылары. Фото: KENZO TRIBOUILLARD/AFP via Getty Images

Еуро-2024 турнирінің 1/8 финалдық кезеңінде Франция мен Бельгия құрамалы кездесіп, кім мықтыны анықтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Қос мықты команда "Дюссельдорф Арена" стадионында кездесіп, франциялықтар басым түсті.

Ойын барысында Франция мен Бельгия құрамалары қанша шабуыл жасаса да, бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алмады. Алайда ойынның 89-минутында Франция құрамасының шабуылшысы Коло-Муанидің соққысынан Бельгия құрамасының қорғаушысы Вертонгеннің аяғынан серпілген доп қақпа төрінен табылды. Вертонгеннің атына жазылған автогол франциялықтарды 1:0 есебімен алға шығарды.

Ойын соңында соғылған бұл автогол матчтың тағдырын шешті.

Ширек финалға Франция құрамасы екі автогол, бір пенальтидің арқасында шығып отыр. Топтық кезеңнің алғашқы матчында Франция мен Аустрия арасындағы матчта қарсылас команданың ойыншысы Вебер өз қақпасына гол соғып алған еді. Ал Нидерландымен болған екінші матчта есеп ашылмаса, Польшамен өткен топтық кезеңнің үшінші ойынын 1:1 есебімен аяқталған болатын. Бұл матчта Мбаппен пенальтиді мүлтіксіз орындап, Еуропа біріншілігі тарихындағы өзінің алғашқы голын соқты.

Ширек финалда Франция құрамасы Португалия мен Словения арасындағы матчтың жеңімпазымен жолығады. Ширек финалдық ойын 5 маусымда сағат 23:50-де басталады.

Айта кетейік, Германияда өтіп жатқан Еуропа біріншілігінің финалдық ойыны 14 шілдеде Берлиндегі "Олимпиада" стадионында өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2127093-euro-2024-frantsiia-quramasy-belgiiadan-basym-tusip-shirek-finalga-zholdama-aldy/