jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Жанкүйерлерді жақындатпады": Еуропа чемпионатынан оралған Грузия құрамасын халық қалай қарсы алды

    Грузиялық жанкүйерлер
    Грузиялық жанкүйерлер. Фото: t.me/NGnewsgeorgia

    Футболдан Еуропа чемпионатына алғаш рет қатысып, плей-офф кезеңіне дейін жеткен Грузия құрамасы Тблисиге оралды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Newsgeorgia cайтының жазуынша, жүздеген жанкүйер Грузия құрамасының футболшыларын Тбилиси әуежайынан күтіп алған. Полиция үкіметтік терминалға кордон қойып, жанкүйерлерді футболшыларға жақындатпаған. Футболшылар әуежайдан автобусқа мініп кеткен.

    Грузия үкіметінің хабарлауынша, ұлттық құраманың елге оралуына орай бүгін, 2 шілдеде Тбилисидегі "Бостандық" алаңында салтанатты шара өтпек.

    Айта кетейік, Грузия құрамасы тарихында алғаш рет Еуропа чемпионатында өнер көрсетті. Олар турнирде 4 матч өткізді. B тобында Түркиядан 1:3 есебімен ұтылса, Чехия командасымен тең ойнады (1:1). Кейін Португалияны 2:0 есебімен сенсациялық түрде жеңіп, плей-оффқа өтті. Алайда плей-офф кезеңінде Испанияға есе жіберіп, жарыстан шығып қалды.

    Осыған дейін грузиялықтар Еуропа чемпионатындағы тарихи жеңісті қалай тойлағанын жазған едік.

    "Жанкүйерлерді жақындатпады": Еуропа чемпионатынан оралған Грузия құрамасын халық қалай қарсы алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.