Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Криштиану Роналду: Бұл мен қатысқан соңғы Еуропа чемпионаты

Опубликовано:

Роналду мен Бернарду Сильва
Роналду мен Бернарду Сильва. Фото: Robbie Jay Barratt - AMA/Getty Images

Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду 2028 жылғы Еуропа чемпионатына қатыспайтынын мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ футболшының RTP телеарнасына берген сұқбатына сілтеме жасап хабарлайды.

Әйгілі шабуылшысы Криштиану Роналду Португалия құрамасымен бірге Еуропа біріншілігінің 1/8 финалдық кезеңінде Словениямен кездесіп, пенальти сериясында басым түседі. Ойынныан кейінгі сұқбатында шабуылшы келесі Еуропа чемпионатына қатыспайтынын айтты.

"Әрине, бұл менің соңғы Еуропа чемпионатым. Бірақ бұл мансабымды аяқтаймын деген сөз емес", - деді Криштиану Роналду.

Айта кетейік, Роналду алты бірдей Еуропа чемпионатына қатысып, өнер көрсеткен алғашқы ойыншы. Португалиялық футболшы Еуродағы ойын саны (29) мен гол саны (14) бойынша рекорд орнатты. Сонымен қатар, Криштиану Роналду Еуропа біріншілігі тарихындағы нәтижелі пастардың саны (8) бойынша да оқ бойы озық тұр. Сондай-ақ ол екі рет турнирдің үздік бомбардирі атанды.

Ол өз ұлттық құрамасымен бірге екі мәрте Еуропа чемпионатының финалына дейін жетті. Ол өзінің 2004 жылы дебюттік турнирінде Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері атанса, 2016 жылы турнирдің жеңімпазы болды.

Ал биылғы турнирдің ширек финалында Португалия құрамасы Франция құрамасымен ойнайды. Матч 5 шілдеде Гамбургте "Имтех Арена" стадионында өтеді. Кездесудің тікелей көрсетілімін Qazaqstan және Qazsport телеарналарынан көруге болады.

Айта кетейік, соңғы бес кездесуде бұл құрамалар екі рет тең ойнады (0:0, 2:2), екі рет Франция құрамасы жеңіске жетті және тек бір кездесуде Португалия құрамасы басым түсті.

"Хабардар бол!" - NUR.KZ ұсынған жаңалықтар топтамасы

Редакция ең өзекті мақалаларды бір жерге топтастырып, назарға ұсынады. Әлемде және елде болып жатқан аптаның ең маңызды оқиғаларынан әрдайым хабардар болып отырыңыз.

* міндетті түрде толтырылуы керек жол

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2127603-krishtianu-ronaldu-bul-men-qatysqan-songgy-europa-chempionaty/