Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еуро-2024: Нидерланд құрамасы жауапсыз үш гол соғып, еш қиындықсыз 1/4 финалға өтті

Жарияланған күні:

Нидерланд құрамасының футболшылары
Нидерланд құрамасының футболшылары. Фото: Marcel ter Bals/DeFodi Images/DeFodi via Getty Images

Футболдан Еуропа чемпионатының 1/8 финалында Нидерланд құрамасы Румыниядан басым түсті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Германияның Мюнхен қаласында өткен ойын 3:0 есебімен аяқталды. Нидерланд құрамасы сапынан Коди Гакпо (20-минутта) және Дониелл Мален (83, 90+3 минутта) гол соқты.

Айта кетейік, Коди Гакпо осы матчта биылғы Еуропа чемпионатындағы үшінші голын салды. Осылайша, Джамал Мусиала (Германия), Иван Шранц (Словакия) және Жорж Микаутадзе (Грузия) сияқты турнирдің үздік сұрмергендерін қуып жетті.

Нидерланд командасының ширек финалдағы қарсыласы Аустрия – Түркия матчынан кейін анықталады. Бұл кездесу бүгін, 2 шілдеде Қазақстан уақытымен 23:50-де басталады.

Айта кетейік, Германияда өтіп жатқан Еуропа чемпионатының 1/4 финалы 5-6 шілдеде, жартылай финал 9-10 шілдеде, ал ақтық мәре 14 шілдеде болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2127792-euro-2024-niderland-quramasy-zhauapsyz-ush-gol-sogyp-1-4-finalga-otti/