Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Хабиб Нурмагомедов Португалия футболының аңызымен кездесті

Опубликовано:

Хабиб Нурмагомедов
Хабиб Нурмагомедов. Фото: Jeff Bottari/Zuffa LLC via Getty Images

Аралас жекпе-жек шебері Хабиб Нурмагомедов Еуро-2024 турнирінің 1/8 финалдық кездесуінде жолыққан Испания мен Грузия құрамалары арасындағы матчта түскен суреттері мен таспалаған бейнелерін Instagram желісіндегі парақшасында бөлісті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

33 жастағы Хабиб Нурмагомедов бұл матчты Португалия футболының аңызымен бірге тамашалады. "Спортинг", "Барселона", "Реал Мадрид" секілді клубтарда кезінде жасындай жарқылдаған Луиш Фигумен бірге түскен суретін Хабиб Нурмагомедов өзінің Instagram желісіндегі ресми парақшасын салып қойды.

Бұл фотосуреттерден УЕФА-ның 7-президенті Александр Чеферин, Дортмундтық "Боруссияның" жартылай қорғаушысы Эмре Джан мен италиялық жаттықтырушы Фабио Капеллоны көруге болады.

Айта кетейік, Хабиб Нурмагомедов кәсіби мансабын 2020 жылы аяқтады. Ол аралас жекпе-жекте 29 кездесу өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен.

Ал Португалия футболының аңызы саналатын Луиш Фигу өзінің мансабында бірқатар даңқты клубтарда өнер көрсеткен. 1989-1995 жылдар аралығында "Спортинг" футбол клубында керемет ойын өрнегін көрсетті. 1995-2000 жылдар аралығында "Барселона" клубының белді ойыншысы әрі капитаны болса, 2000-2005 жылдар аралығында "Реал Мадридтің" үздік футболшыларының бірі атанды.

"Хабардар бол!" - NUR.KZ ұсынған жаңалықтар топтамасы

Редакция ең өзекті мақалаларды бір жерге топтастырып, назарға ұсынады. Әлемде және елде болып жатқан аптаның ең маңызды оқиғаларынан әрдайым хабардар болып отырыңыз.

* міндетті түрде толтырылуы керек жол

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2127327-habib-nurmagomedov-portugaliia-futbolynyng-angyzymen-kezdesti/