![Еуро-2024 жеребесі тартылды Еуро-2024 жеребесі тартылды](https://cdn.nur.kz/images/1200x675/f59e3a5b8933edb6.jpeg)
Германияда өтіп жатқан футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының 1/8 финалы аяқталып, ширек финалға жолдама алған барлық құрама белгілі болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
1/8 финалдың қорытындысы бойынша сегіз команда турнирдің келесі кезеңіне өтті. Олар: Испания, Германия, Португалия, Франция, Англия, Швейцария, Нидерланд және Түркия.
Қазақстан уақыты бойынша Еуро-2024 турнирінің 1/4 финалының толық кестесі төмендегідей:
- 5 шілде, 21:00. Испания – Германия (Штутгарт);
- 5 шілде, 23:59. Португалия – Франция (Гамбург);
- 6 шілде, 21:00. Англия – Швейцария (Дюссельдорф);
- 6 шілде, 23:59. Нидерланд – Түркия (Берлин).
Еуропа чемпионатының жартылай финалы 9-10 шілдеде өтеді. Ал ақтық мәре 14 шілдеде Берлиндегі "Олимпиада" стадионында болады.
Айта кетейік, 2021 жылы өткен Еуропа чемпионатында Италия құрамасы жеңіске жеткен еді. Бұл команда биылғы доданың 1/8 финалында Швейцариядан ұтылып, жарыс жолынан шығып қалды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2127915-euro-2024-shirek-finalda-oinaityn-barlyq-qurama-anyqtaldy/