Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еуро-2024: Демиральдің дублі Түркияны дүбірлі доданың келесі кезеңіне шығарды

Опубликовано:

Футболдан Түркия құрамасының ойыншылары
Футболдан Түркия құрамасының ойыншылары. Фото: Dan Mullan/Getty Images

Еуро-2024 турнирінің 1/8 финалдық кезеңінде Аустрия мен Түркия құрамалары кездесті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Аустрия мен Түркия құрамалары арасындағы тартысты ойын "Ред Булл Арена" стадионында өтіп, түріктер 2:1 есебімен басым түсті.

Ойын басталысымен түріктер есепте алға шықты. Матчтың 1-минутында бұрыштамадан көтерілген допты қорғаушы Мерих Демираль қақпа төріне тоғытып, есепті ашты. Ал екінші таймда (59-минут) тағы да сол Мерих Демираль бұрыштамадан көтерілген допты баспен ұрып, гол соғып, дубль авторы атанды.

Аустриялықтар өз қақпасына соғылған екі доптан кейін жүйелі ойын өрнегін көрсетуге тырысты. Осылайша олар өз дегеніне жетіп, матчтың 66-минутында Аустрия құрамасының шабуылшысы Михаэль Грегорич есепті қысқартты.

Ойын соңына дейін аустриялықтар қанша шабуылдаса да, осы есепті өзгерте алмады.

Түркия ширек финалда Нидерланд құрамасымен кездеседі. Матч 6 шілдеде сағат 23:50-де басталады. Сондай-ақ ширек финалда келесідей құрамалар өнер көрсетеді: Испания – Германия, Португалия – Франция, Англия – Швейцария.

Айта кетейік, Германияда өтіп жатқан Еуропа біріншілігінің ширек финалдық ойындары 5-6 шілдеде өтсе, жартылай финал 9-10 шілдеге жоспарланған. Ал финалдық ойын 14 шілдеде болады.

"Хабардар бол!" - NUR.KZ ұсынған жаңалықтар топтамасы

Редакция ең өзекті мақалаларды бір жерге топтастырып, назарға ұсынады. Әлемде және елде болып жатқан аптаның ең маңызды оқиғаларынан әрдайым хабардар болып отырыңыз.

* міндетті түрде толтырылуы керек жол

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2127837-euro-2024-demiralding-dubli-turkiiany-dubirli-dodanyng-kelesi-kezengine-alyp-shygardy/