Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Экстремиcтік ишара көрсетті": УЕФА түркиялық футболшыға қатысты тергеу бастады

Жарияланған күні:

Футболшы Мерих Демирал
Футболшы Мерих Демирал. Фото: x.com/Merihdemiral

УЕФА ұйымы Түркия құрамасының футболшысы Мерих Демиралға қатысты тергеу бастады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ The Mirror басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

3 шілдеге қараған түні Түркия құрамасы футболдан Еуропа чемпионатының 1/8 финалында Аустрияға қарсы ойнап, 2:1 есебімен жеңген еді. Бұл матчта Мерих Демирал екі гол салды.

The Mirror басылымының жазуынша, Мерих Демирал екінші голын соққан кейін қолымен ым-ишара көрсеткен. Бұл Түркияның Ұлтшыл қозғалыс партиясымен байланысты оңшыл экстремистік топ – "Көк бөріні" еске түсіретін қимыл болып шықты.

Бұл ишараға Франция мен Аустрияда тыйым салынған. Германиядағы Конституциялық қорғау агенттігі "Көк бөрінің" жақтастарын экстремистер деп санайды.

"Түркия құрамасының ойыншысы Мерих Демиралдың мінез-құлқына байланысты УЕФА-ның тәртіптік ережесінің бабына сәйкес тергеу басталды. Бұл мәселе бойынша қосымша ақпарат кейінірек беріледі", - делінген УЕФА-ның мәлімдемесінде.

Айта кетейік, Түркия құрамасы Еуропа чемпионатының ширек финалында Нидерланд командасына қарсы ойнайды. Бұл кездесу 6 шілдеде сағат 23:50-де басталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2128284-ekstremictik-ishara-korsetti-uefa-turkiialyq-futbolshyga-qatysty-tergeu-bastady/