Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еуро-2024 турнирінде тарихи жетістікке жеткен Грузия құрамасын ел президенті марапаттады

Опубликовано:

Грузия құрамасы
Грузия құрамасы. Фото: Stuart Franklin - UEFA/UEFA via Getty Images

Футболдан Грузия құрамасының ойыншылары Еуропа біріншілігіндегі жарқын жетістіктері үшін мемлекеттік наградаға ұсынылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Грузия президенті Саломе Зурабишвилидің Facebook желісіндегі баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Президент Саломе Зурабишвилидің баспасөз қызметі мемлекет басшысы грузиялық футболшыларды, бапкерлік құрамды, федерация өкілдерін "Құрмет" орденімен марапаттағанын хабарлайды. Марапаттау рәсімі кеше, 2 шілдеде Тбилисиде өтті.

1992 жылы желтоқсан айында бекітілген бұл мемлекеттік награда мемлекеттік қызметке, қорғанысқа, қоғамдық тәртіпті қорғауға, ауыл шаруашылығына, денсаулық сақтауға ықпал еткен, сондай-ақ ғылым, білім, мәдениет, өнер және спорт салаларында жетістікке жеткен жандарға беріледі.

Естеріңізге сала кетейік, Вилли Саньол бастаған Грузия құрамасы бұл турнирде Португалия, Түркия және Чехиямен бірге өнер көрсетіп, F тобында төрт ұпай жинап, плей-оффқа жолдама алған болатын. Ал 1/8 финалдық кезеңде азулы Испания құрамасымен жолығып, 1:4 есебімен жеңіліп қалған болатын. Бірақ алғаш рет Еуропа біріншілігінде өнер көрсеткен Грузия құрамасы үшін бұл тарихи жетістік саналады.

Осы тарихи жетістіктен кейін жүздеген жанкүйер Грузия құрамасының футболшыларын Тбилиси әуежайынан күтіп алған болатын.

Сондай-ақ Грузияның бұрынғы премьер-министрі Бидзина Иванишвили футболдан Грузия ұлттық құрамасы Еуро-2024 топтық турнирінде Португалияны жеңіп, Еуропа чемпионатының 1/8 финалына шыққаны үшін футболшыларға 30 миллион лари (шамамен 5 миллиард теңге) сыйақы беретінін де жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2128053-euro-2024-turnirinde-tarihi-zhetistikke-zhetken-gruziia-quramasynyng-el-prezidenti-marapattady/