
АҚШ-та футболдан Америка кубогының топтық кезеңіндегі ойындар аяқталып, ширек финалда кездесетін құрамалар анықталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Америка кубогы турнирінің D тобындағы құрамалар соңғы тур аясында кездесу өткізді. Бұл тартысқа толы матчта Бразилия Колумбияны жеңе алмады. Нәтижесінде есеп 1:1 болып аяқталды. Тең ойынға қарамастан, қос құрама плей-оффқа жолдама алды.
Осы топта өнер көрсететін Коста-Рика құрамасы Парагвайдан 2:1 есебімен басым түсті, алайда бұл командалар ширек финалға шыға алмады.
Америка кубогының ширек финалдық кездесулері:
5 шілде
06:00. Аргентина – Эквадор;
6 шілде
06:00. Венесуэла – Канада;
7 шілде
03:00. Колумбия – Панама;
06:00. Уругвай – Бразилия.
Еске салайық, Америка кубогы 15 шілдеге дейін жалғасады. Алдыңғы біріншілікте Аргентина құрамасы чемпион атанған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2128704-futboldan-amerika-kubogy-shirek-finalga-shyqqan-quramalar-anyqtaldy/