Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мбаппе Роналдуға қарсы ойнайды: бүгін Еуропа чемпионатының ширек финалы басталады

Жарияланған күні:

Килиан Мбаппе және Криштиану Роналду
Килиан Мбаппе және Криштиану Роналду. Фото: FRANCK FIFE/AFP via Getty Images

Бүгін, 5 шілдеде Германияда өтіп жатқан футболдан Еуропа чемпионатының 1/4 финалы басталады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Ширек финалдың алғашқы матчы Испания және Германия құрамалары арасында өтеді. Бұл кездесу Қазақстан уақытымен сағат 21:00-де басталады. Тікелей трансляцияны Qazsport телеарнасынан көруге болады.

Сондай-ақ бүгін Португалия және Франция командалары өзара кім мықтыны анықтайды. Қазақстан уақытымен түнгі 00:00-де басталатын матчты Qazaqstan және Qazsport телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.

Ал ертең, 6 шілдеде ширек финалда Англия – Швейцария, Нидерланд – Түркия құрамалары кездеседі. Еуропа чемпионатының жартылай финалы 9-10 шілдеде өтсе, ақтық мәре 14 шілдеде Берлиндегі "Олимпиада" стадионында болады.

Айта кетейік, соңғы рет Еуропа чемпионатында Италия құрамасы жеңіске жеткен еді. Бұл команда биылғы доданың 1/8 финалында Швейцарияға есе жіберіп, жарыстан шығып қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2129487-mbappe-ronalduga-qarsy-oinaidy-bugin-europa-chempionatynyng-shirek-finaly-bastalady/