Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еуро-2024: Англия ұлттық құрамасы жартылай финалға жолдама алды

Жарияланған күні:

Англия құрамасы
Англия құрамасы. Фото: Alex Livesey/Getty Images

Бүгін, 6 шілдеде футболдан Еуропа чемпионатының ширек финалдық ойындары өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Англия және Швейцария ұлттық құрамалары Еуропа чемпионатының ширек финалы аясында кездесті. Матчтың негізгі уақытында екі команда 1:1 есебімен тең түскен болатын. Алғашқы голды швейцариялық шабуылшы Эмболо соққан еді. Десе де матчтың аяқталуына 10 минут қалғанда Англия құрамасының вингері Сака есепті теңестірді.

Осылайша командалар пенальти сериясын орындап, англиялықтар басым түсті. Олардың барлық 5 футболшысы гол салса, Швейцария сапында тек 3 ойыншы қақпаны дәл көздей білді. "Манчестер Ситиде" өнер көрсететін швейцариялық Аканжи 11 метрлік айып добында мүлк кеткен болатын.

Кеше, 5 шілдеде жартылай финалда кездесетін алғашқы жұп анықталған еді. Ол Испания және Франция командалары. Ал Гарэт Саутгейттің қарсыласы Нидерланды мен Түркия жұбының жеңімпазы болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2130177-euro-2024-angliia-ulttyq-quramasy-zhartylai-finalga-zholdama-aldy/