Еуро-2024: Тони Кроос мансабындағы соңғы матчын өткізді
Опубликовано:

Футболдан Германия құрамасының ойыншысы Тони Кроос Еуропа чемпионатында мансабындағы соңғы матчын өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
5 шілдеде Германия құрамасы Еуропа чемпионатының ширек финалында Испанияға қарсы ойнап, 2:1 есебімен жеңіліп қалды. Бұл Тони Кроостың мансабындағы соңғы матч болды.
34 жастағы футболшы биылғы Еуропа чемпионатынан кейін мансабын аяқтайтынын мәлімдеген еді.
Тони Кроос – Чемпиондар лигасының алты дүркін жеңімпазы, Испанияның төрт дүркін, Германияның үш дүркін чемпионы. Сондай-ақ 2014 жылы Германия құрамасы сапында әлем чемпионы атанған. Футболшы "Бавария", "Байер" және "Реал Мадрид" командаларында ойнады.
Еске салайық, қазақ журналисі Ерсін Ерік неміс футболшысы Тони Крооспен кездесіп, сұхбаттасқанын жазған едік.
- Еуро-2024: Германия құрамасы өз алаңындағы чемпионаттың жартылай финалына өте алмады
- Еуро-2024: испаниялық футболшы матч кезінде жарақат алып, жарыстан шығып қалды (видео)
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/football/2129964-euro-2024-toni-kroos-mansabyndagy-songgy-matchyn-otkizdi/