Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Чемпиондар лигасы: "Ордабасы" мен "Петрокуб" клубтары тең нәтижені қанағат тұтты

Опубликовано:

Асхат Тағыберген
Асхат Тағыберген. Фото: vk.com/ordabasy_13

Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде шымкенттік "Ордабасы" мен молдовалық "Петрокуб" клубтары кездесті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионында өткен алғашқы ойында гол соғылмады, қос команда тең нәтижені қанағат тұтты.

Матч барысында қос команда жиі-жиі өткір шабуылымен көзге түсті. "Ордабасы" клубы ойын кезінде 14 соққы (қақпаға дәл бағытталған – 4), "Петрокуб" 8 соққы (қақпаға дәл бағытталған – 5) жасаған.

Қарымта кездесу 17 шілдеде Молдовада өтеді. Осы матчта жеңіске жеткен клуб Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде кипрлік "АПОЭЛ" командасына қарсы кездесу өткізеді.

"Хабардар бол!" - NUR.KZ ұсынған жаңалықтар топтамасы

Редакция ең өзекті мақалаларды бір жерге топтастырып, назарға ұсынады. Әлемде және елде болып жатқан аптаның ең маңызды оқиғаларынан әрдайым хабардар болып отырыңыз.

* міндетті түрде толтырылуы керек жол

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2131953-chempiondar-ligasy-ordabasy-men-petrokub-klubtary-teng-natizheni-qanagat-tutty/