Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Командам ойынға дайын": Нұрбол Жұмасқалиев еурокубоктық матчқа дайындығы туралы айтты

Опубликовано:

Нұрбол Жұмасқалиев
Нұрбол Жұмасқалиев. Фото: fctobol.kz

"Тобыл" футбол клубының бас бапкері Нұрбол Жұмасқалиев Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңінде словакиялық "Ружомберок" командасына қарсы ойынның алдында баспасөз маслихатын өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Бүгін, 11 шілдеде Словакияның Ружомберок қаласында Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңінде жергілікті "Ружомберок" пен қостанайлық "Тобыл" командалары алғашқы матч өткізеді. "Тобыл" футбол клубының бас бапкері Нұрбол Жұмасқалиев бұл ойынға сақадай сай екенін жеткізді.

"Біз қарсыласымызды жан-жақты зерттедік. Менің командам бұл ойынға дайын, жанкүйерлерідң көңілінен шығатындай футболды көрсетуге тырысамыз. "Ружомберок" гибридті футбол ойнайды, олар жақсы қорғана алады, сонымен қатар шабуылды да жүйелі ұйымдастыра білуге қауқарлы", - деді Нұрбол Жұмасқалиев.

Словакияда өтетін бұл ойын бүгін Астана уақытымен сағат 22:00-де басталады. Ал қарымта кездесу 18 шілдеде Қостанайда өтеді.

Айта кетейік, "Ружомберок" өз тарихында Словакия чемпионатында бір рет, 2005/2006 жылғы маусымда топ жарған. Сол маусымда клуб ел кубогының иегері атанды. Өткен жылы команда Словакия кубогын тағы бір мәрте қанжығасына байлаған.

Ал "Тобыл" өзінің соңғы матчын 30 маусымда өткізді. Қазақстан чемпионатының матчында ол "Ақтөбеге" қарсы кездесу өткізіп, 4:3 есебімен жеңіске жетті. ҚПЛ-да өткізген 12 ойыннан кейін қостанайлық клуб турнирлік кестенің 4-орнында келе жатыр.

"Хабардар бол!" - NUR.KZ ұсынған жаңалықтар топтамасы

Редакция ең өзекті мақалаларды бір жерге топтастырып, назарға ұсынады. Әлемде және елде болып жатқан аптаның ең маңызды оқиғаларынан әрдайым хабардар болып отырыңыз.

* міндетті түрде толтырылуы керек жол

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2132277-komandam-oiynga-daiyn-nurbol-zhumasqaliev-eurokuboktyq-matchqa-daiyndygy-turaly-aitty/