Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еуро-2024: Англия құрамасының ойыншысы тарихи рекорд орнатты

Опубликовано:

Харри Кейн
Харри Кейн. Фото: Eddie Keogh - The FA/The FA via Getty Images

Англия футбол құрамасының капитаны Харри Кейн 2024 жылғы Еуропа чемпионатында тарихи рекорд орнатты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Харри Кейн Еуро-2024 турнирінің жартылай финалындағы Англия – Нидерланд матчында мергендік танытты. Ол ойынның 18-минутында пенальтиден гол соқты. Opta агенттігінің жазуынша, бұл Кейннің Еуропа чемпионатының барлық плей-офф кезеңіндегі алтыншы голы. Ол турнирдің плей-офф кезеңінде ең көп гол салған футболшы атанды.

Осыған дейін бұл рекорд Франция құрамасының ойыншысы Антуанн Гризманнға тиесілі еді. Оның қоржынында 5 гол бар.

Айта кетейік, Германияда өтіп жатқан Еуропа чемпионатының финалында Англия және Испания құрамалары ойнайды. Бұл матч 14 шілдеде Қазақстан уақытымен сағат 00:00-де басталады.

Англия құрамасы бірде-бір рет Еуропа чемпионы атанып көрмеген. Команда 2021 жылы тарихында алғаш рет Еуро додасының финалында ойнап, Италиядан пенальти сериясында жеңіліп қалған еді. Ал Испания құрамасы осы уақытқа дейін үш рет Еуропа біріншілігінде жеңіске жетті.

"Хабардар бол!" - NUR.KZ ұсынған жаңалықтар топтамасы

Редакция ең өзекті мақалаларды бір жерге топтастырып, назарға ұсынады. Әлемде және елде болып жатқан аптаның ең маңызды оқиғаларынан әрдайым хабардар болып отырыңыз.

* міндетті түрде толтырылуы керек жол

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2132358-euro-2024-angliia-quramasynyng-oiynshysy-tarihi-rekord-ornatty/