jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Ресми: "Реал Мадрид" футбол клубы Килиан Мбаппеге қатысты маңызды шешім қабылдады

    Мбаппе жасыл алаңда
    Мбаппе. Фото: Twitter/UEFA Champions League

    Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппенің "Реал Мадрид" клубының футболшысы ретіндегі ресми таныстырылымы 16 шілдеде өтеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ мадридтік клубтың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Келесі сейсенбіде, 16 шілдеде сағат 12:00-де "Сантьяго Бернабеу" стадионында ойыншы Килиан Мбаппені ресми таныстырылым кеші өтеді. Бұдан кейін Килиан Мбаппе баспасөз жиынында БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап береді", - деп хабарлайды мадридтік клубтың баспасөз қызметі.

    Маусым айының басында "Реал Мадрид" клубы шабуылшы Килиан Мбаппемен келісімшартқа отырғанын жариялаған болатын. Француз шабуылшысы жаңа командада 9-нөмерлі жейдені алады деп күтілуде.

    Француз футболшысының "Реал Мадрид" клубымен келісімшарты 2029 жылға дейін межеленген. Бұған дейін Мбаппе "ПСЖ" құрамында өнер көрсеткен. Өткен маусымда франциялық шабуылшы команда сапында 48 матч өткізіп, 44 гол соғып, 10 нәтижелі пас берген. Беделді Transfermarkt интернет-порталы француз шабуылшысының нарықтық құнын 180 миллион еуроға бағалайды.

    Айта кетелік, футболдан Франция ұлттық құрамасы Еуро-2024 турнирінің жартылай финалында Испания құрамасынан жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалған болатын. Бұл біріншілікте Мбаппе 1 гол соғып, 1 нәтижелі пас беріп көзге түскен.

    Ресми: "Реал Мадрид" футбол клубы Килиан Мбаппеге қатысты маңызды шешім қабылдады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.