jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Еуро-2024 турнирінің чемпионы атанған Испания құрамасы қанша табыс тапты

    Футболдан Испания құрамасының ойыншылары
    Футболдан Испания құрамасының ойыншылары. Фото: Kevin C. Cox/Getty Images

    14 шілдеде Испания мен Англия құрамалары арасында Еуро-2024 турнирінің финалдық матчы өтті. Тартысқа толы матчта испаниялықтар 2:1 есебімен жеңіске жетіп, Еуропаның төрт дүркін чемпионы атанды. Осы жеңісінен кейін Испания құрамасы бұл турнирдегі ең үлкен мөлшердегі сыйақыға ие болды, деп KAZ.NUR.KZ УЕФА-ның ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Испания құрамасы бұл турнирдегі ең үлкен қаржылай сыйақыны еншіледі. УЕФА топтық Испания құрамасына кезеңдегі жеңісі үшін 1 миллион еуро (тең нәтиже үшін 0,5 миллион), 1/8 финалға шыққаны үшін 1,5 миллион еуро, ширек финалға шыққаны үшін 2,5 миллион еуро, жартылай финалға шыққаны үшін 4 миллион еуро, финалға шыққаны үшін 5 миллион еуро және турнирде жеңіске жеткені үшін 8 миллион еуро төледі.

    Ал турнирге қатысқан әр команда 9,25 миллион еуро еншіледі.

    Осылайша Испания құрамасы УЕФА-дан 28,25 миллион еуроны алып, қанжығасына байлады. Ал ақтық кезеңде сүрінген Англия құрамасы 24,25 миллион еуро алды.

    Айта кетелік, бұл біріншілікте басты жүлдені 24 құрама сарапқа салған болатын. Сондай-ақ Еуропа чемпионаты тарихында Германия мен Испания құрамалары үш рет жеңімпаз атанған. Ал осы турнирдегі жеңісінен кейін Испания құрамасы аталмыш нәтиже бойынша көш бастап, жаңа рекорд орнатты. Оcылайша олар төртінші рет Еуропаның үздік құрамасы атанды.

    Еуро-2024 турнирінің чемпионы атанған Испания құрамасы қанша табыс тапты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.