jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Еуро-2024: Испания құрамасы Еуропаның төрт дүркін чемпионы атанып, жаңа рекорд орнатты

    Испания ұлттық құрамасы
    Испания ұлттық құрамасы. Фото: Lars Baron/Getty Images

    Еуро-2024 турнирінің финалдық кездесуінде Испания және Англия құрамалары күш сынасты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Германияның Берлин қаласында өткен финалдық ойында Испания құрамасы Англия құрамасынан 2:1 есебімен басым түсіп, Еуро-2024 турнирінің чемпионы атанды.

    Ойын есебін испаниялықтар ашты. Матчтың 47-минутында Испания құрамасының шабуылшысы Нико Уильямс гол соқты. Ал ойынның 73-минутында екінші таймда алаңға шыққан Англия құрамасының футболшысы Коул Палмер есепті теңестірді. Микель Оярсабаль ойынның 86-минутында гол соғып, испаниялықтарды тағы да алға шығарды. Ойын соңына дейін осы есеп сақталып, Испания құрамасы Еуро-2024 турнирінің жеңімпазы атанды.

    14 маусым мен 14 шілде аралығында Германияның 10 қаласында өткен Еуропа чемпионаты биыл он жетінші мәрте ұйымдастырылды.

    Бұл біріншілікте басты жүлдені 24 құрама сарапқа салған болатын. Сондай-ақ Еуропа чемпионаты тарихында Германия мен Испания құрамалары үш рет жеңімпаз атанған. Ал осы турнирдегі жеңісінен кейін Испания құрамасы аталмыш нәтиже бойынша көш бастап, жаңа рекорд орнатты. Оcылайша олар төртінші рет Еуропаның үздік құрамасы атанды.

    Еуро-2024: Испания құрамасы Еуропаның төрт дүркін чемпионы атанып, жаңа рекорд орнатты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.