jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Англиялық үш жанкүйер Еуро-2024 турнирінің финалына барғаны үшін жұмыстан қуылды

    Англия құрамасының жанкүйерлері
    Англия құрамасының жанкүйерлері. Фото: Richard Sellers/Sportsphoto/Allstar via Getty Images

    Футболдан Англия құрамасының үш жанкүйері Еуропа чемпионатының финалына барамыз деп жұмысынан айырылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ The Sun басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

    Дереккөздің жазуынша, 58 жастағы Алан Рили ұлдары Дилан және Биллимен бірге пойыз жүргізушісі болып жұмыс істеген. Олар теміржол компаниясына Еуро-2024 турнирінің финалына баратынын хабарлағаннан кейін, басшылық оларды жұмыстан шығарып жіберген. Бұған қарамастан отбасы мүшелері сүйікті құрамаларына жанкүйер болу үшін Берлинде (Германия) өткен финалдық матчқа барған.

    "Мұндай мүмкіндік өмірде бір-ақ рет болады. Жұмыс келеді және кетеді, бірақ менің әкем Англия құрамасын финалда соңғы рет көруі мүмкін. Ойын нәтижесіне қарамастан, оны әкеммен және ағаммен бірге сезіну сондай бақыт. Біз бұл матчты көру үшін билеттерге 3 000 фунт жұмсадық", - деді Дилан Рили.

    Еске салайық, Англия құрамасы Еуропа чемпионатының финалында Испаниядан 2:1 есебімен ұтылып қалған еді. Осылайша, Испания командасы төртінші рет Еуропа біріншілігінің жеңімпазы атанды.

    Англиялық үш жанкүйер Еуро-2024 турнирінің финалына барғаны үшін жұмыстан қуылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.