jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Еуропа чемпионатының финалында жеңілген Англия құрамасының бапкері қызметінен кетті

    Гарет Саутгейт
    Гарет Саутгейт. Фото: Dan Mullan/Getty Images

    Футболдан Англия құрамасының бас бапкері Гарет Саутгейт қызметінен кетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    53 жастағы маман 2016 жылдың қыркүйегінен бастап команданың тізгінін ұстаған.

    "102 ойын өткізіп, сегіз жылға жуық уақыт құрама тізгінін ұстаған Гарет Саутгейт өзінің қызметінен кететінін мәлімдеді", - деп хабарлайды ұлттық құраманың Instagram желісіндегі ресми парақшасы.

    Англиялықтар Еуропа біріншілігінде биыл екінші мәрте ақтық сынға шыққан болатын. Алайда финалда Испания құрамасына 1:2 есебімен есе жіберіп қойған болатын. Ал Гарет Саутгейт Еуропа чемпионатының тарихында екі мәрте финалдық ойында жеңіліс тапқан бірінші бапкер болды. Ал Испания құрамасы өз тарихында төрт дүркін Еуропа чемпионы атанды.

    Осылайша Англия құрамасы халықаралық турнирлердегі жеңіліс сериясын одан әрі ұзартты. 1966 жылы өз үйінде болған әлем чемпионатындағы жетістігінен кейін Англия 58 жыл бойы түрлі додаларда топ жара алмай келеді.

    Еуропа чемпионатының финалында жеңілген Англия құрамасының бапкері қызметінен кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.