Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Америка кубогының финалында жарақат алған Месси алдағы қанша матчқа қатыспайды

Жарияланған күні:

Футболшы Лионель Месси
Футболшы Лионель Месси. Фото: Maddie Meyer/Getty Images

15 шілдеде Америка кубогының финалында жарақат алып қалған аргентиналық футболшы Лионель Месси "Интер Майамидің" алдағы матчтарына қатыспайды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"Интер Майами" футбол клубының бас бапкері Херардо Мартиноның айтуынша, Лионель Месси оң аяғының тобығын жарақаттап алғанына байланысты кем дегенде алдағы екі матчта ойнамайды.

"Ол тобығын қайырып алды, жарақаты бар. Мен жарақатының суреттерін көрдім. Жағдайдың мән-жайын анықтау үшін тест жүргізіледі. Біз әрқашан кинезиологымыз Уолтер Инсаурральдеден ақпарат алып отырамыз. Ол тексеру нәтижелерін алғанға дейін өте мұқият диагноз қойып береді", - деді Мартино журналистерге берген сұқбатында.

Еске салайық, Лионель Месси 15 шілдеде Америка кубогының финалында ойнаған болатын. Ол Аргентина – Колумбия арасындағы матчтың 64-минутында жарақат алып қалып, ойынды жалғастыра алмады. 37 жастағы аргентиналық футболшы алаңнан кетіп бара жатып, эмоциясын ұстай алмай, көз жасына ерік берген еді.

Осы ойында аргентиналықтар 1:0 есебімен жеңіске жетіп, 16-мәрте Америка кубогын жеңіп алды. Бұл Мессидің мансабындағы 45-трофей болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2135481-tobyq-zharaqat-alyp-koz-zhasyna-erik-bergen-messi-qansha-matchqa-qatyspaidy/