Шымкенттік "Ордабасы" футбол клубының бас бапкері Александр Седнев команданың Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде жеңіліп қалғанына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Кеше, 17 шілдеде "Ордабасы" клубы Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясында молдовалық "Петрокубпен" кездесіп, 1:0 есебімен ұтылып қалған еді. Ал 10 шілдеде шымкенттік команда дәл осы клубпен тең ойнаған болатын.
"Екі команда да шабуылдады. Біз қателестік. Қорғаныстағы қателігіміз қарсыластың шабуыл жасауына мүмкіндік берді. Кейбір кезде асығып кеттік, ал кейбір кезде дайындық пастары тым көп болды. Біз қаптал арқылы ойнай алмадық, допты айып алаңына дейін сирек жеткіздік. Біз допға иелік еттік, бірақ өткірлігіміз жеткіліксіз болды", - деді Седнев
Осылайша "Ордабасы" клубы Чемпиондар лигасынан шығып қалды. Енді команда Конференция лигасының іріктеу кезеңінде ойнайды.
Еске салайық, өткен жылы "Ордабасы" тарихында алғаш рет Қазақстан чемпионы атанып, УЕФА Чемпиондар лигасына қатысуға мүмкіндік алған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2135946-ordabasynyng-bapkeri-komandanyng-chempiondar-ligasynan-shygyp-qalu-sebebin-aitty/