jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    "Ордабасы" молдовалық клубқа есе жіберіп, Чемпиондар лигасының келесі кезеңіне шыға алмады

    "Ордабасы" мен "Петрокуб" ойыны
    "Ордабасы" мен "Петрокуб" ойыны: instagram.com / fc_ordabasy

    Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінің аясында молдовалық "Петрокуб" пен шымкенттік "Ордабасы" клубтары қарымта кездесу өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    "Петрокуб" пен "Ордабасы" клубтары Кишиневте жауапты кездесу өткізіп, молдовалық ұжым 1:0 есебімен жеңіске жетті. Бұл матчқа сербиялық төреші Милош Миланович қазылық етті.

    Ойын есебін молдовалық команда ашты. Матчтың 34-минутында "Петрокуб" клубының ойыншысы Теодор Лунгу гол соқты. Ойын соңына дейін осы есеп сақталып, екі матчтың қорытындысы бойынша "Петрокуб" командасы 1:0 есебін тіркеп, Чемпиондар лигасының келесі іріктеу кезеңіне жолдама алды.

    Естеріңізге сала кетейік, қос команданың Шымкентте өткен алғашқы ойыны 0:0 есебімен аяқталған еді. Чемпиондар лигасының екінші іріктеу раундында "Петрокуб" командасы кипрлік "АПОЭЛ" клубымен ойнайды.

    Ал жеңіліске ұшыраған "Ордабасы" клубы Конференция лигасына түседі, онда шымкенттік команда "КИ Клаксвик" (Фарер аралдары) — "Дифферданж" (Люксембург) клубтарының жеңілгенімен кездеседі.

    "Ордабасы" молдовалық клубқа есе жіберіп, Чемпиондар лигасының келесі кезеңіне шыға алмады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.