jitsu gif
Спорт

    "Тобыл" футбол клубының өз алаңындағы жеңісі Еуропа лигасының келесі кезеңіне шығара алмады

    "Тобыл" – "Ружомберок" ойыны
    "Тобыл" – "Ружомберок" ойыны. Фото: instagram.com / fctobol

    УЕФА Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясында "Тобыл" мен "Ружомберок" клубтары Қостанайда жауапты кездесу өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Қостанай қаласында өткен қарымта кездесуде "Тобыл" футбол клубы словакиялық "Ружомберок" командасынан 1:0 басым түсті.

    Ойынның 8-минутында "Тобыл" футбол клубының ойыншысы Ахмед Эль-Мессауди гол соғып, қостанайлық клубты есепте алға шығарды.

    Ойын соңына дейін осы есеп сақталып, қостанайлық клуб өз алаңында жеңіске жетті. Алайда екі ойынның қорытындысы бойынша 3:5 есебі тіркеліп, "Тобыл" Еуропа лигасының іріктеу кезеңінің келесі кезеңіне шыға алмады.

    Айта кетелік, сырта алаңда өткен алғашқы ойында қостанайлық клуб "Ружомберок" командасына 2:5 есебімен есе жіберіп қойған болатын.

    "Ружомберок" клубы УЕФА Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңінде түркиялық "Трабзонспор" командасына қарсы ойын өткізеді.

    "Тобыл" футбол клубының өз алаңындағы жеңісі Еуропа лигасының келесі кезеңіне шығара алмады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.