Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан футзал құрамасы Алматыда әлем чемпионына қарсы матч өткізеді

Жарияланған күні:

Футзалдан Қазақстан құрамасы
Футзалдан Қазақстан құрамасы. Фото: kff.kz

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионаты алдында бес бақылау матчын өткізеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан футбол федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан құрамасы 5-18 тамыз аралығында оқу-жаттығу жиынының бірінші кезеңін Алматыда өткізеді. Кейін команда 5 қыркүйекке дейін Астанада жаттығады. Екінші ОЖЖ барысында Қазақстан құрамасы Тәжікстанмен 22 және 24 тамызда "Сайран Аренада" ойнайды.

Сондай-ақ Қазақстан құрамасының Иранға қарсы екі жолдастық матчы жоспарланған. Ойындар 30 тамыз және 1 қыркүйекте Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді. Жиынның қорытынды кезеңі Алматыда 6-10 қыркүйек аралығында болады. 7 қыркүйекте Қазақстан құрамасы Аргентинамен кездеседі. Матч "Алматы Арена" спорт кешенінде өтеді.

Айта кетейік, футзалдан Аргентина құрамасы 2016 жылы әлем чемпионы атанған еді. Сондай-ақ аргентиналықтар 2003, 2015, 2022 жылдары Америка кубогын жеңіп алған.

Қазақстан құрамасының жолдастық кездесулерінің күнтізбесі:

22 және 24 тамыз

  • Қазақстан – Тәжікстан ("Сайран Арена" СК, Астана);

30 тамыз және 1 қыркүйек

  • Қазақстан – Иран (Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы, Астана);

7 қыркүйек

  • Қазақстан – Аргентина ("Алматы Арена", Алматы).

Еске салайық, футзалдан Қазақстан құрамасының капитаны Лео Игита мадридтік "Реал" мен Бразилия құрамасының футболшысы Винисиус Жуниормен футзал ойнағанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2138580-qazaqstan-futzal-quramasy-almatyda-alem-chempionyna-qarsy-match-otkizedi/