Қазақстан футзал құрамасы Алматыда әлем чемпионына қарсы матч өткізеді
Опубликовано:
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионаты алдында бес бақылау матчын өткізеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан футбол федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстан құрамасы 5-18 тамыз аралығында оқу-жаттығу жиынының бірінші кезеңін Алматыда өткізеді. Кейін команда 5 қыркүйекке дейін Астанада жаттығады. Екінші ОЖЖ барысында Қазақстан құрамасы Тәжікстанмен 22 және 24 тамызда "Сайран Аренада" ойнайды.
Сондай-ақ Қазақстан құрамасының Иранға қарсы екі жолдастық матчы жоспарланған. Ойындар 30 тамыз және 1 қыркүйекте Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді. Жиынның қорытынды кезеңі Алматыда 6-10 қыркүйек аралығында болады. 7 қыркүйекте Қазақстан құрамасы Аргентинамен кездеседі. Матч "Алматы Арена" спорт кешенінде өтеді.
Айта кетейік, футзалдан Аргентина құрамасы 2016 жылы әлем чемпионы атанған еді. Сондай-ақ аргентиналықтар 2003, 2015, 2022 жылдары Америка кубогын жеңіп алған.
Қазақстан құрамасының жолдастық кездесулерінің күнтізбесі:
22 және 24 тамыз
- Қазақстан – Тәжікстан ("Сайран Арена" СК, Астана);
30 тамыз және 1 қыркүйек
- Қазақстан – Иран (Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы, Астана);
7 қыркүйек
- Қазақстан – Аргентина ("Алматы Арена", Алматы).
Еске салайық, футзалдан Қазақстан құрамасының капитаны Лео Игита мадридтік "Реал" мен Бразилия құрамасының футболшысы Винисиус Жуниормен футзал ойнағанын жазған едік.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/football/2138580-qazaqstan-futzal-quramasy-almatyda-alem-chempionyna-qarsy-match-otkizedi/