jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Лео Игита "Реал Мадрид" футболшысымен бір алаңда өнер көрсетті (видео)

    Лео Игита және Винисиус Жуниор мини-футбол ойнап жүр
    Лео Игита және Винисиус Жуниор футзал ойнап жүр. Фото: https://www.instagram.com/leohiguita2

    Футзалдан Қазақстан құрамасының капитаны Лео Игита мадридтік "Реал" мен Бразилия құрамасының футболшысы Винисиус Жуниормен футзал ойнады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Лео Игита Instagram желісіндегі ресми парақшасында Винисиус Жуниормен бір алаңда доп ойнап жүрген видеосын жариялады. Видеодан Игита 21-нөмерлі, ал Жуниор 7-нөмерлі жейде киіп ойнағанын көруге болады.

    Айта кетейік, Лео Игита бес мәрте әлемнің үздік қақпашысы атанған (2015, 2016, 2018, 2019 және 2020). Ол 2011 жылдан 2024 жылға дейін "Қайрат" футзал клубында ойнады. Бұл командада екі рет УЕФА кубогын иеленіп, барлығы 39 жүлде жеңіп алды. Ал биыл шілдеде Игита "Семей" футзал клубына ауысты.

    Винусиус Жуниор өткен маусымда "Реал Мадрид" сапында Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды. Сондай-ақ Ла Лига мен Испания кубогында жеңіске жетті. Ол "Алтын доп" жүлдесіне басты үміткерлердің бірі саналады.

    Лео Игита "Реал Мадрид" футболшысымен бір алаңда өнер көрсетті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.