jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Рамазан Оразов еурокубок матчында қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды

    Қазақстандық футболшы Рамазан Оразов
    Қазақстандық футболшы Рамазан Оразов. Фото: instagram.com/silkeborgif_officiel

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Рамазан Оразов доп тебетін даниялық "Силькеборг" командасы УЕФА Еуропа лигасындағы жарыс жолын аяқтады. Бұл матчта қазақстандық футболшы қызыл қағаз алып алаңнан қуылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    УЕФА Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңінде даниялық "Силькеборг" клубы өз алаңында норвегиялық "Мольде" командасын қабылдады. "Силькеборг" футбол клубы 3:2 есебімен жеңіске жеткенімен, екі матчтың нәтижесі бойынша норвегиялық қарсыластарына жол беріп қойды. "Силькеборг" – "Мольде" клубтары арасындағы бірінші матч 1:3 есебімен аяқталған болатын.

    Қазақстандық футболшы Рамазан Оразов 73-минутта ойынға қосылды. Матчтың 75-минутында гол соққанымен, ол оффсайд деп есептеліп, гол саналмады. Ал 78-минутта Рамазан Оразов дөрекі ойыны үшін қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.

    Рамазан Оразов осы жазда "Силькеборг" клубына ауысып, 2027 жылдың 30 маусымына дейін келісімшартқа отырған. Бұл оның мансабындағы төртінші шетелдік клубы. Бұған дейін ол Ресейдің "Чайка" клубында, Латвияның "Даугавпилс" клубында және Словенияның "Копер" клубында өнер көрсеткен. Қазақстанда "Кайрат", "Актобе", "Ақсу" және "Тобыл" клубтарында ойнаған.

    Рамазан Оразов еурокубок матчында қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.