УЕФА Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясында "Астана" мен "Корвинул" клубтары кездесті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Бүгін, 14 тамызда Алматыда елордалық "Астана" футбол клубы румыниялық "Корвинулға" қарсы қарымта матчын өткізіп, 6:1 есебімен жеңіске жетті.
Бұл матчта астаналық ұжым сапынан Джеффри Чинеду (13 және 68-минут), Марин Томасов (57 және 75-минут), Назым Грипши (73-минут), Эльхан Астанов (84-минут) көзге түсті.
Ал "Корвинул" сапынан Михай Велисар (78-минут) жалғыз голдың авторы атанды.
Румынияда өткен бірінші матчта "Астана" клубы 2:1 есебімен жеңіске жеткен еді.
Айта кетейік, "Астана" футбол клубы келесі кезеңде "Сент Миррен" (Шотландия) – "Бранн" (Норвегия) командаларының жеңімпазымен ойнайды.
Сондай-ақ ертең, 15 тамызда УЕФА Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясында шымкенттік "Ордабасы" сырт алаңда армениялық "Пюникке" қарсы қарымта кездесуін өткізеді. Алғашқы ойында шымкенттік ұжым 0:1 есебімен есе жіберіп қойған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2148960-astana-oz-alangynda-qarsylasyn-oisyrata-utyp-konferentsiia-ligasynyng-kelesi-kezengine-otti/