jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Станислав Черчесов болгариялық клубқа ауысатыны туралы қауесетке жауап берді

    Станислав Черчесов
    Станислав Черчесов. Фото: Patrick Smith - FIFA/FIFA via Getty Images

    Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов болгариялық "Лудогорец" командасына ауысатыны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Спорт-экспересс басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

    Бұған дейін Станислав Черчесов болгариялық "Лудогорец" футбол клубын басқаратыны және келісімшартқа қол қояйын деп жатқаны туралы ақпарат пайда болған еді. Бас бапкер бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтты.

    "Бұл не сандырақ?! Бұл ақпарат қайдан шықты?! "Лудогорецтен" ешкім маған хабарласпады. Хабарласқан күннің өзінде менің қолым басқа жұмыстардан босамайды. Қазір Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы алғашқы матчына дайындалып жатырмын. Мен бәріне ақпараттық гигиенаны сақтауды ұсынамын. Тағы да сұрағым келіп тұр: мұндай ақпарат қайдан келеді?!"- деді Черчесов.

    Еске сала кетейік, ресейлік маман Станислав Черчесов маусымда футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып тағайындалған еді. Ол бұл қызметте Магомед Адиевті алмастырды.

    Қазақстан құрамасы 6 қыркүйекте Алматыда УЕФА Ұлттар лигасының топтық кезеңі аясында Норвегияға қарсы ойнайды. Бұл ойында Черчесов алғаш рет Қазақстан командасына жетекшілік етеді.

    Станислав Черчесов болгариялық клубқа ауысатыны туралы қауесетке жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.