jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    33 жастағы Тиаго Алькантара "Барселонаның" бапкерлік құрамынан кетті

    Тиаго Алькантара
    Тиаго Алькантара. Фото: Eric Alonso/Getty Images

    "Барселона" футбол клубының бас бапкері Ханс-Дитер Фликтің жаттықтырушылық құрамынан Тиаго Алькантара кетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі клубтың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Барселонаның" U-16 құрамының бұрынғы жаттықтырушысы Арнау Бланко Тиаго Алькантараның орнына бас бапкер Ханси Фликтің ассистенті болып тағайындалды.

    Арнау Бланко бұған дейін "Барселона" футбол клубының жастар құрамында 11 маусым бойы қызмет еткен. Ал Тиаго Алькантара бас бапкердің ассистенті қызметіне биылғы жылдың 17 шілдеде тағайындалған болатын.

    Айта кетейік, Тиаго Алькантара "Барселонаның" негізгі құрамында 2008-2013 жылдары өнер көрсеткен. Ал "Бавария" клубының сапында 2013 жылы УЕФА Чемпиондар лигасын, 7 рет Германия чемпионатын, 4 рет Германия кубогын және 3 рет Германия суперкубогын жеңіп алған.

    33 жастағы Тиаго Алькантара "Барселонаның" бапкерлік құрамынан кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.