jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    "Астана" УЕФА Конференция лигасында "Челсимен" кездеседі

    "Астана" футбол клубының ойыншылары
    "Астана" футбол клубының ойыншылары: instagram.com / fca.astana

    Бүгін, 30 тамызда Монакода УЕФА Конференция лигасының жеребесі тартылды. Елордалық "Астана" футбол клубының қарсыластары анықталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Бұл турнирдің форматы биыл түбегейлі өзгерді. Елордалық "Астана" клубы УЕФА Конференция лигасының 2024/25 жылғы маусымында "Челси" (Англия), АПОЭЛ (Кипр), "Пафос" (Кипр), "Витория" (Португалия), "Нью-Сейнтс" (Уэльс), ТСЦ (Сербия) командаларымен кездеседі.

    "Астана" жалпы алты матч өткізеді: үшеуі өз алаңында, үшеуі қонақта. "Астана" клубы өз алаңында "Челси", "Витория" және ТСЦ командаларына қарсы ойнайды, ал қонақта АПОЭЛ, "Нью-Сейнтс" және "Пафос" ұжымдарына қарсы кездесу өткізеді.

    УЕФА Конференция лигасының биылғы маусымында 36 команда бақ сынайды. Жарыстың жаңа ережесі бойынша жалпы үздік шыққан сегіз команда 1/8 финалға тікелей жолдама алады, ал 9-24-орын алған клубтар қосымша ойындар өткізеді. Жеңіске жеткен командалар 1/8 финалға шығады.

    Айта кетейік, қазіргі уақытта "Астана" Конференция лигасының өз алаңындағы матчтарын Астанада өткізетіні туралы ресми ақпарат жоқ. "Астана Арена" стадионының қайта жөндеуден өтуіне байланысты елордалық команда осы маусымда Алматыда ойнауға мәжбүр болды.

    "Астана" УЕФА Конференция лигасында "Челсимен" кездеседі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.