jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Магомед Адиев "Ақтөбенің" бас бапкері болып тағайындала ма: клубтың спорт директоры жауап берді

    Магомед Адиев
    Магомед Адиев. Фото: fc-akhmat.ru

    "Ақтөбе" футбол клубының спорт директоры Сергей Доронченко ресейлік маман Магомед Адиевтің команданың бас бапкері болып тағайындалуы туралы тараған қауесетке қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sport24.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    КЛЮЧЕВЫЕ МОМЕНТЫ
    close
    Данный текст создан автоматически при помощи ИИ и не проходил проверку редактора, поэтому может содержать фактологические или грамматические ошибки. Подробности в публикации
    • "Ақтөбе" футбол клубының спорт директоры Сергей Доронченко Магомед Адиевтің бас бапкер болып тағайындалуы туралы қауесетке жауап берді.
    • Доронченко бұл ақпаратты қауесет деп атап, жаңа бапкер туралы келер аптада сөйлесетіндерін айтты.
    • "Ақтөбе" қазіргі уақытта Қазақстан чемпионатында 2-орында тұр, "Қайраттан" 1 ұпайға артта қалып отыр.

    1 қыркүйекте "Ақтөбе" футбол клубының баспасөз қызметі Дмитрий Парфеновтың бас бапкерлік қызметтен кеткенін хабарлаған болатын. Дәл осы күні футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері Магомед Адиевтің грозныйлық "Ахматтан" кеткені туралы ақпарат тарады.

    Осыдан кейін БАҚ-та Магомед Адиевтің "Ақтөбе" футбол клубының бас бапкері болып тағайындалады деген хабарлар пайда болды. "Ақтөбе" футбол клубының спорт директоры Сергей Доронченко ресейлік маман Магомед Адиевтің команданың бас бапкері болып тағайындалуы туралы тараған қауесетке қатысты пікір білдірді.

    "Адиевтің біздің командамызға бапкер ретінде келуі? Бүгінгі күні бұл жай ғана қауесет. Біз Дмитрий Парфеновпен жұмысымызды жақында ғана тоқтаттық. Жаңа бапкер жайында келер аптада сөйлесе аламыз", - деді "Ақтөбе" футбол клубының спорт директоры Сергей Доронченко.

    Айта кетейік, 18 матчтан кейін "Ақтөбе" Қазақстан чемпионатының кестесінде көш бастап келе жатқан "Қайраттан" 1 ұпайға артта қалып, 2-орынға жайғасқан.

    Магомед Адиев "Ақтөбенің" бас бапкері болып тағайындала ма: клубтың спорт директоры жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.