Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тосынсый": шетелде ойнайтын екі футболшы Қазақстан құрамасы сапына қосылды (видео)

Жарияланған күні:

Абат Айымбетов пен Бақтиер Зайнутдинов
Абат Айымбетов пен Бақтиер Зайнутдинов. Скриншот: instagram.com/kff_team

Бақтиер Зайнутдинов пен Абат Айымбетов футболдан Қазақстан құрамасының Норвегияға қарсы матч алдындағы жаттығу жиынына қосылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Қазақстан футбол құрамасының Instagram желісіндегі ресми парақшасында жарияланған видеодан Зайнутдинов пен Айымбетов Алматыдағы "Орталық стадионға" келгенін көруге болады.

"Тосынсый, тосынсый! Жігіттер оралды", - делінген ұлттық құраманың жазбасында.

Жанкүйерлер екі футболшыдан гол күтетіндерін жазып, командаға сәттілік тілеп жатыр.

"Екеуі де гол салсын", "Сен тұр мен атайын деген жігіттердің бәрі құрамада! Ендігі тек жеңіс керек. Данияны ұтқандай әдемі жеңіс тілейміз", "Қазақ футболына көзқарасымызды одан ары қарай өзгертіңіздер", "Сенсация жасай берейік", "Жеңісті ойын болсын", - деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы аясында 6 қыркүйекте сағат 19:00-де Норвегияға қарсы матч өткізеді. Ойын Алматыдағы Орталық стадионда болады.

Ал 9 қыркүйекте ұлттық құрама Любляна қаласындағы "Стожице" стадионында Словенияға қарсы ойнайды. Бұл матч Астана уақытымен сағат 23:45-те басталады.

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов Норвегия және Словения құрамаларына қарсы өтетін матчтарға шақырылған ойыншылардың нақты тізімін жариялаған еді. Норвегия құрамасы да Қазақстанға қарсы ойнайтын құрамын жария еткен болатын. Олардың арасында "Манчестер Сити" футболшысы Эрлинг Холанд пен "Арсенал" ойыншысы Мартин Эдегор да бар.

Еске салайық, бас бапкер Станислав Черчесов команданың Норвегияға қарсы матчқа дайындығы жөнінде айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2157184-tosyn-syi-shetelde-oinaityn-eki-futbolshy-qazaqstan-quramasy-sapyna-qosyldy-video/