jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстан құрамасының Норвегия мен Словенияға қарсы матчтарына шақырылған ойыншылардың нақты тізімі жарияланды

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы
    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы. Фото: kff.kz

    Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қыркүйекте Норвегия және Словения құрамаларына қарсы өтетін матчтарға шақырылған ойыншылардың нақты тізімін жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан футбол федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Нақты тізімге 28 футболшы енді. Ұлттық құрама 1 қыркүйекте Алматыда оқу-жаттығу жиынын бастайды.

    • Қақпашылар: Игорь Шацкий ("Ақтөбе"), Александр Заруцкий ("Астана"), Стас Покатилов ("Тобыл"), Темірлан Анарбеков ("Жеңіс");
    • Қорғаушылар: Сергей Малый ("Ордабасы"), Роман Асранкулов, Еркін Тапалов (екеуі де – "Тобыл"), Александр Марочкин, Ян Вороговский, Марат Быстров (барлығы – "Астана"), Михаил Габышев ("Елімай"), Әлібек Қасым ("Ақтөбе"), Нұралы Әліп ("Зенит", Ресей), Лев Скворцов ("Шинник", Ресей), Талғат Кусяпов ("КАМАЗ", Ресей);
    • Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген, Бауыржан Исламхан, Айбол Әбікен (барлығы – "Ордабасы"), Рамазан Оразов ("Силькеборг", Дания), Арман Кеңесов ("Ақтөбе"), Бақтиер Зайнутдинов ("Бешикташ", Түркия), Абзал Бейсебеков, Эльхан Астанов (екеуі де – "Астана"), Ислам Чесноков ("Тобол");
    • Шабуылшылар: Абат Айымбетов ("Адана Демирспор", Түркия), Айбар Жақсылықов ("Қайсар"), Оралхан Өміртаев (БАТЭ, Беларусь), Рамазан Кәрімов ("Астана");
    • Қосақы құрам: Сұлтанбек Астанов, Темірлан Ерланов (екеуі де – "Ордабасы"), Андрей Ульшин ("Қайрат"), Максим Самородов ("Ахмат", Ресей), Исламбек Қуат ("Астана"), Александр Зуев ("Тобыл"), Асхат Балтабеков ("Жетісу"), Ұлар Жақсыбаев ("Қызылжар");
    • Бапкерлік штабы: Станислав Черчесов – бас бапкер, Владимир Панников – бас бапкердің көмекшісі, Паулино Гранеро – дене даярлығы бапкері, Гинтарас Стауче – қақпашылар бапкері, Эльшад Хинизов – бейнесарапшы.

    Айта кетейік, қыркүйекте Қазақстан ұлттық құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы аясында екі матч өткізеді. Норвегиямен ойын 6 қыркүйекте сағат 19:00-де Алматының Орталық стадионында өтсе, Словенияға қарсы кездесу 9 қыркүйекте Любляна қаласындағы "Стожице" стадионында Астана уақытымен сағат 23:45-те болады.

    Қазақстан құрамасының Норвегия мен Словенияға қарсы матчтарына шақырылған ойыншылардың нақты тізімі жарияланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.