Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Оны мақтауым керек пе еді": Қайрат Боранбаев Александр Кержаковпен не туралы сөйлескенін айтты

Жарияланған күні:

Қайрат Боранбаев
Қайрат Боранбаев. Фото: fckairat.com

Алматылық "Қайрат" футбол клубының басшысы Қайрат Боранбаев "Астанаға" қарсы ойындағы жеңіліс, команданың бұрынғы бас бапкері Александр Кержаковпен болған әңгіме туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Спорт-Экспресс сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

1 қыркүйекте ҚПЛ аясындағы ойында "Қайрат" өз алаңында "Астанадан" 1:0 есебімен жеңілген еді. 3 қыркүйекте команданың бас бапкері Александр Кержаков қызметінен кетті.

Қайрат Боранбаев "Астана" футбол клубына қарсы матчтағы жеңіліс және киім ауыстыру бөлмесіндегі әңгіме туралы айтты.

"Бұл – футбол. Біз бәрін түсінеміз. Ештеңе етпейді. Әрине "Астанаға" қарсы матчтың нәтижесіне көңіліміз толған жоқ. Матчтан соң Александрмен сөйлескеніміз түсінікті жайт. Бірақ бұл конструктивті диалог болды. Әдеттегі еркектердің әңгімесі. Команда жеңілді, сонда мен осындай нәтиже көрсеткен бапкер мен футболшыларды мақтауым керек пе еді? Сіздер футболда бірінші жыл жүрген жоқсыздар ғой. Барлығын өздеріңіз түсінуге тиіссіздер.

Мен "Астанаға" қарсы матчтан кейін ғана емес, барлық ойыннан соң, жеңсек те, жеңілсек те, киім ауыстыратын бөлмеге кіремін. Бұл жолы, әрине біз ойынды талқыладық, сондай-ақ футболшыларға өз құрамаларында сәтті өнер көрсетулерін тіледім", - деді Боранбаев.

Сондай-ақ "Қайрат" басшысы "Команда әлі де бірінші орында тұрғанына қарамастан бапкер жұмысынан кетіп жатыр. Енді "Алтынға жетпей қаламыз ба?" деген қорқыныш жоқ па?" деген сұраққа жауап берді.

"Бұл – футбол. Әртүрлі жағдайлар болады. Бірақ біз тек бір жылмен ғана шектелмейміз. Бірнеше жылға құрылған стратегиямыз бар. Болашаққа көз жүгіртеміз. Сонымен қатар біздің команда жастар арасындағы Чемпиондар лигасында (U-18) өнер көрсететін болады. Біз барлық жас деңгейлерінде ел чемпионымыз. Демек болашақтан үміт бар. Ал титул үшін күрес әлі де жалғасуда. Маңыздысы – алға ұзақ мерзімді мақсат қою. Нәтижеге уақыт өте келе жетеміз. Бұл жерде алаңдамаймын", - деді Қайрат Боранбаев.

Бұдан бөлек Қайрат Боранбаев Александр Кержаковпен жұмыс істеу барысында не түйгенін айтып берді.

"Александрдың нақты мақсаты бар. Ол білімді, амбициясы зор, өзіндік көзқарасы бар. Бірақ ол көзқарасы көпшілікке ұнамауы мүмкін. Десе де әр бапкердің өз "мені" болуы керек. Мен әр бапкерден бірдеңе үйренемін. Оның бізге келгеніне қуаныштымын. Алдағы уақытта бәрі жақсы болатынына сенемін. Ол ойыншы кезінде де, бапкер ретінде де мінезді адам екенін көрсетті. Барлығы дұрыс. Мәселе жоқ!", - деді Боранбаев.

Еске салайық, Александр Кержаков алматылық "Қайрат" футбол клубының бас бапкері қызметінен кетуінің себебін айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2157510-ony-maqtauym-kerek-pe-edi-qairat-boranbaev-aleksandr-kerzhakovpen-ne-turaly-soileskenin-aitty/