jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Жол беруге болмайтын жағдайлар бар": Александр Кержаков "Қайраттан" неге кеткенін түсіндірді

    Александр Кержаков
    Александр Кержаков. Фото: instagram.com/a.kerzhakov11

    Александр Кержаков алматылық "Қайрат" футбол клубының бас бапкері қызметінен кетуінің себебін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Сhampionat.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Бүгін, 3 қыркүйекте Александр Кержаков алматылық клубтан ресми түрде кетті. Ресейлік маманмен келісімшарт тараптардың өзара келісімі бойынша бұзылған.

    "Мен кеше таңертең қызметтен кетуге өтініш бердім. Бұл шешімді қабылдау мен үшін оңай болған жоқ, себебі мен осында жұмыс істеуді жалғастырғым келді. Біз ойын тұрғысынан өте маңызды прогресске қол жеткіздік, жақсы нәтижелер көрсеттік. "Қайрат" араға ұзақ уақыт салып алғаш рет турнир кестесінде көш бастады және чемпион болуға мүмкіндігі бар.

    Бірақ мен бас бапкер жұмыста жол беруге болмайды деп санайтын жағдайлар бар. Толығырақ айтпай-ақ қояйын, ол клубтың ішінде қалсын. Командаға және жігіттерге сәттілік пен жеңіс тілеймін", - деді Кержаков.

    Айта кетейік, 41 жастағы Кержаковтың жетекшілігімен өткен соңғы матчта "Қайрат өз алаңында "Астанадан" 1:0 есебімен жеңілген еді. Қазір алматылық команда турнир кестесінде 32 ұпаймен көш бастап тұр.

    Александр Кержаков мамырдың соңында "Қайраттың" бас бапкері болып тағайындалған еді. Оның жетекшілігімен алматылық команда 12 матч өткізіп, 6 рет жеңіске жетті, 3 рет тең түсіп, 3 рет қарсыластарына есе жіберді.

    "Жол беруге болмайтын жағдайлар бар": Александр Кержаков "Қайраттан" неге кеткенін түсіндірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.