jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстан құрамасының футболшысы ресейлік клуб сапындағы алғашқы голын соқты (видео)

    Футболшы Максим Самородов
    Футболшы Максим Самородов. Фото: t.me/akhmatgrozny

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Максим Самородов "Ахмат" клубы сапындағы дебюттік голын соқты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Кеше, 19 қыркүйекте футболдан Ресей кубогы аясында грозныйлық "Ахмат" клубы сырт алаңда "Пари НН" командасымен кездеседі. Қазақстандық футболшы Максим Самородов бұл матчта команданың негізгі құрамында шықты.

    22 жастағы Максим Самородов ойынның 9-минутында есеп ашып, командаластарын алға шығарды. Қазақстандық ойыншы марокколық Амин Талалдың пасын тиімді пайдалана білді.

    Матчтың қорытындысы бойынша "Ахмат" клубы 2:1 есебімен жеңіске жетті.

    Айта кетейік, Максим Самородов грозныйлық "Ахмат" клубының сапына тамыз айында ауысқан. Осыған дейін қазақстандық футболшы нәтижелі ойынымен көзге түсе алмаған еді.

    Қазақстан құрамасының футболшысы ресейлік клуб сапындағы алғашқы голын соқты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.