Қазақстандық футболшы еуропалық клуб сапындағы екінші голын соқты
Опубликовано:
Читать на русском
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов даниялық "Силькеборг" сапындағы екінші голын соқты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Кеше, 25 қыркүйекте "Силькеборг" клубы Дания ұлттық кубогының 1/16 финалдық кезеңі аясында "Роскилле" командасымен сырт алаңда матч өткізді.
Аталмыш кездесу "Силькеборг" клубының жеңісімен аяқталды. Бұл матчты Рамазан Оразов қосалқы құрамда бастады. Қазақстандық футболшы командаласы Юнес Бакиздің орнына 73-минутта алаңға шықты.
Сондай-ақ Рамазан Оразов 90+3-минутта гол соғып, командасына жеңіс сыйлады.
Рамазан Оразов "Силькеборг" сапындағы бірінші голын салды.
Ойынның нәтижесі бойынша "Силкеборг" 3:1 есебімен жеңіске жетіп, турнирдің 1/8 финалына жолдама алды.
Айта кетейік, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Рамазан Оразов биыл маусым айының соңында "Ақтөбемен" қош айтысып, даниялық "Силькеборгтың" сапына қосылған болатын.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/football/2166133-qazaqstandyq-futbolshy-europalyq-klub-sapyndagy-ekinshi-golyn-soqty/