jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Шетелдік БАҚ: Лионель Месси мансабын АҚШ-та аяқтауға ынталы емес

    Футболшы Месси
    Футболшы Месси. Фото: CHRIS ARJOON/AFP via Getty Images

    Аргентиналық футболшы Лионель Месси спорттық мансабын қазір өзі ойнап жүрген америкалық "Интер Майами" командасында аяқтағысы келмейді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    El Nacional басылымының мәліметінше, Лионель Месси америкалық "Интер Майами" клубымен келісімшарты аяқталған соң өз отанына оралып, тағы бір маусым ойнағысы келеді.

    "37 жастағы шабуылшы "Интер Майамиде" мансабын аяқтауды жоспарламайды, ол 2025 жылы келісімшарты біткеннен кейінгі келесі қадамын жоспарлап қойған. Месси мансабын аргентиналық "Ньюэллс Олд Бойз" клубында аяқтағысы келеді", - деп жазды басылым.

    "Интер Майами" клубы мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси "Ньюэллс Олд Бойз" клубының түлегі. 2000 жылы Месси клубтың академиясынан кетіп, испаниялық "Барселонаға" ауысқан болатын.

    Шетелдік БАҚ: Лионель Месси мансабын АҚШ-та аяқтауға ынталы емес

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.