jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    "Ақтөбе" футбол клубы Қазақстан кубогының жеңімпазы атанды

    "Ақтөбе" футбол клубының ойыншылары
    "Ақтөбе" футбол клубының ойыншылары. Фото: instagram.com / fcaktobe_official

    "Ақтөбе" футбол клубы Қазақстан кубогының финалында "Атыраумен" кездесіп, жеңіске жетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Қазақстан кубогының шешуші кездесуі Алматының Орталық стадионында өтіп, ақтөбеліктердің жеңісімен аяқталды.

    Үзіліске дейін, матчтың 24-минутында "Атырау" футбол клубының ойыншысы Николай Синьевич есепті ашты.

    Кездесу соңында ақтөбеліктер екі гол соқты. Алдымен пенальтиді Қазақстан құрамасының қорғаушысы Әлібек Қасым (89-минут) соқты, одан кейін панамалық шабуылшы Фредди Элиас Гондола Смит (90 минут) атыраулықтардың қақпасынан саңылау тапты.

    Айта кетейік, "Ақтөбе" футбол клубы өз тарихында екінші рет футболдан Қазақстан кубогын жеңіп алды. Команда бұған дейін бұл жүлдені 2008 жылы жеңіп алған болатын. Турнирдегі жеңіс ақтөбеліктердің 2025/26 жылғы еурокубок маусымында өнер көрсетуіне мүмкіндік береді.

    "Ақтөбе" футбол клубы Қазақстан кубогының жеңімпазы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.