jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстан – Аргентина: бүгін ұлттық құрама әлем чемпионатының 1/4 финалында өнер көрсетеді

    Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы
    Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы. Фото: kff.kz

    Бүгін, 30 қыркүйекте футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы әлем чемпионатының ширек финалдық матчын өткізеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Бүгін, 30 қыркүйекте футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстанда өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/4 финалдық кезеңі аясында Аргентинаға қарсы ойнайды. Матч Астана уақыты бойынша сағат 20:00-де басталады.

    Биылғы әлем чемпионатының D тобында сынға түскен Қазақстан құрамасы 7 ұпай еншілеп, екінші орынмен плей-оффқа шыққан болатын.

    Турнирдің 1/8 кезеңінде Қазақстан ұлттық құрамасы Португалиямен кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жеткен еді. Ал Португалия 2021 жылы өткен әлем чемпионатында топ жарған еді.

    Айта кетейік, әлем чемпионатының жартылай финалы 2-3 қазанда өтеді. Ал ақтық сын 6 қазанда Ташкентте өтеді деп жоспарланған.

    Қазақстан – Аргентина: бүгін ұлттық құрама әлем чемпионатының 1/4 финалында өнер көрсетеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.